3 2019-02-21

21-ші ақпан күні «Бейнеу бөбекжайында» «Балабақшада ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында балабақша ішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты: балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында оқу-тәрбие үрдістерін жан-жақты ұйымдастыру. Семинарды балабақша директоры Д.Байқазаққызы құттықтау сөзімен ашты. Жоғары санатты тәрбиеші Болжанова Рузия апай «Қыран» тобының тәрбиеленушілеріне «Күн, су, ауа-тіршілік көзі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Ашық көрсетілім қазіргі жаңа технологияға сай өткізілді. Балалар белсенді, қызығушылықпен қатысты. Ары қарай жоғары санатты ән-саз маманы Батихова Нұржанат апай «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялық амалдар» тақырыбы бойынша коучинг жүргізді. Психолог Б.Шайхығалиева педагогтарға «Ұжымдық.Достық.Әріптестік» тренингін өткізді. Тренингке педагогтар ат салысып, көңілді көңіл-күймен қатысты. Семинарды балабақша әдіскері Азизова Шолпан апай «Жылдам жауап бер» іскерлік ойынымен қорытындылады. Семинарда қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар «өте жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.

bi

Әрі қарай