560 2019-04-22

Бүгін балабақшамызда психолог Б.Шайхығалиеваның ұйымдастыруымен тәрбиеленушілер арасында «Ана тілің-арың бұл…» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Шара мақсаты: балаларға мемлекеттік тілімізді сүюге, балалардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Шараға «Аққу», «Сандуғаш», «Қыран» топтарының бүлдіршіндері қатысты. Балалар «Ана тілі» туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде «Қыран» тобының тәрбиеленушісі Ирлан Ақдидарға бұйырды. 1-орын «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушісі Еркінқызы Ақерке, 2-орын «Аққу» тобының тәрбиеленушісі Ахметжанов Әзиз, 3-орынға «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушісі Болатбекова Ақтолқын ие болды. «Қыран» тобының тәрбиеленушісі Айымбет Албина «Шешен бала» номинациясымен, «Аққу» тобының тәрбиеленушісі Нажымадин Әділет «Әдепті бала» номинациясымен, Жеңісбекқызы Інжу ‘Шешен бала» номинациясымен, «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушісі Болатбекова Ақторғын «Дарынды бала» номинациясымен, «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушісі Қылыш Айару «Талантты бала» номинациясымен марапатталды.

«Ана тілің- арың бұл…»  

Әрі қарай
24 2019-04-22

Бүгін 21-ші ақпан күні «Бейнеу бөбекжайында» «Балабақшада ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында балабақша ішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты: балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында оқу-тәрбие үрдістерін жан-жақты ұйымдастыру. Семинарды балабақша директоры Д.Байқазаққызы құттықтау сөзімен ашты. Жоғары санатты тәрбиеші Болжанова Рузия апай «Қыран» тобының тәрбиеленушілеріне «Күн, су, ауа-тіршілік көзі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Ашық көрсетілім қазіргі жаңа технологияға сай өткізілді. Балалар белсенді, қызығушылықпен қатысты. Әрі қарай жоғары санатты ән-саз маманы Батихова Нұржанат апай «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инновациялық амалдар» тақырыбы бойынша коучинг жүргізді. Психолог Б.Шайхығалиева педагогтарға «Ұжымдық.Достық.Әріптестік» тренингін өткізді. Тренингке педагогтар ат салысып, көңілді көңіл-күймен қатысты. Семинарды балабақша әдіскері Азизова Шолпан апай «Жылдам жауап бер» іскерлік ойынымен қорытындылады. Семинарда қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар «өте жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.

Әрі қарай